Қырым хандығы (қырымтат. Qırım Hanlığı, قرم خانلغى‎ немесе Qırım Yurtu, قرم يورتى‎) — Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қырым түбегінде құрылған мемлекет (1430–1783). XIII ғасырдың аяғында Қырым түбегінде Алтын Ордаға тәуелді ерекше аймақ құрылды.

 Басқа мағыналар үшін Қырым (айрық) деген бетті қараңыз.
Quick Facts
'Қырым хандығы
қырымтат.
Uluğ Orda ve Deşt-i Qıpçaq,
اولوغ اوردا و دشت قپچاق'

Хандық
Османдарға тәуелді мемлекет (1470-ж — 1774)

1441 — 1783



Thumb Thumb
Қырым хандығының нышаны - Алтын тарақ таңбасы бар Қырым татарлар туы Елтаңбасы
Thumb
Қырым хандығы XV ғ.
Астанасы Қырық Ер (1441 — 1490-ж)
Салашық (1490-ж — 1532)
Бақшасарай (1532—1783)
Тіл(дер)і түркі, кейінгі қырым түркі (ескі қырым татарша)
Діні ислам
Ақша бірлігі бешлік
Аумағы 152 000
Халқы XVIII ғ. орт. шам. 500 мың,
негізгі халқы - қырым татарлары; қарайым, итальян, армян, грек, шеркес қауымдары да өмір сүрді. XVI ғасырдың басында Қырым түбегінен тыс жерлерде көшіп-қонып жүрген, құрғақшылық пен азық-түлік жетіспейтін уақытта көшіп жүрген ноғайлардың (маңғыттардың) бір бөлігі Қырым хандарының билігіне өтті.
Династиясы Герейлер
Close

Оның орталығы — Солхат қаласы болды.

Алтын Орда билеушілерінің өзара күрес-тартыстарынан кейін Қажы Керей (1397–1466 жж.) мен оның ұлы Меңлі Гирей хан (1428–1515) 1443 жылы тәуелсіз Қырым хандығының негізін қалады. Оған Қырым түбегінен басқа Днепрдің төменгі бөлігі де кірді. Ол хандықтың астанасы Қажы Керейдің билігінен бастап Бақшасарайда болды. 1475 жылы Қырымға түрік әскерлері басып кіріп, хандық Түркияға тәуелді болды.

Қырым хандығы Ресей, Украина жерлеріне бірнеше жорықтар жасады. Қырым әскерлерінің орыс жеріне жорықтары әсіресе Ливон соғысы (1558–83) кезінде жиіледі. 16–17 ғасырларда Ресей өкіметі оңтүстік шекарасын Қырым татарларынан қорғау үшін шекара бекініс шептерін құрды.

Орыстардың 1687–89 жылдары Қырымға жасаған жорықтары нәтижесіз аяқталды. 18 ғасырдағы орыс-түрік соғысында Ресей жеңіске жетіп, Қырым хандығы әлсірей бастады.

1774 жылы Күшік-Қайнарджа бітімі бойынша Қырым хандығы Түркияның қол астынан шығып, Ресейдің қарамағындағы тәуелсіз ел болып танылды. 1783 жылы Қырым хандығы Ресей империясының құрамына кірді.[1]

Thumb
Қырым татар сарбаздары польшалық сарбаздармен соғысуда.
Thumb
Mengli Giray at the court of Ottoman sultan Bayezid II

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.